{metadescription}
Коронавирустан қайтыс болғандардың саны неге көбейді?
Коронавирустан қайтыс болғандардың саны неге көбейді?

Коронавирустан қайтыс болғандардың саны неге көбейді?

Пандемия басталғалы коронавирустан қайтыс болған қазақстандықтардың тізімі бүгін бірден 187 адамға көбейіп шыға келді. Денсаулық сақтау министрі бүгін марқұмдардың не себепті бір емес, екі емес, бақандай 187 адамға көбейіп кеткенін түсіндірді.

Мәселен, кешегі статистикада ПТР-тестпен расталған өлім-жітім саны 13 695, ал тесттің теріс көрсеткіші бойынша қайтыс болғандар 5365 деп көрсетілген. Алайда салаға жауапты министрлік қайдан алғаны белгісіз, ковидтен бақилық болғандардың көрсеткішіне тағы 187 адамды өлдіге санап, қосып қойыпты. Артынша белгілі болғандай, статистикалық деректерді қалыптастыру үшін жыл қорытындысы қайта жүргізілген екен. Өңірлердегі жылдық есеп қайта саналып, марқұмдардың қайтыс болу туралы куәліктеріне дейін қайта тексерілген. Соның нәтижесінде ковидтен көз жұмғандардың саны құбылып шыға келген.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Өлімжітім бойынша деректерді түпкілікті ресми түзетіп, сенімді статистикалық деректерді қалыптастыру үшін жыл қорытындысы жүргізілді. Бұл жерде қайтыс болған күні бойынша азаматтық хал актілерін кеш тіркеудің барлық жағдайы ескерілді. Өңірлердің жылдық есептерінің нәтижесі, патология-анатомиялық және сот-медициналық сараптама хаттамалары негізінде коронавирустан өлімнің түпкілікті себептері есепке алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде