{metadescription}
Қарағандыда қыстың қақ ортасында мектеп жабылды
Қарағандыда қыстың қақ ортасында мектеп жабылды

Қарағандыда қыстың қақ ортасында мектеп жабылды

Қарағандыда қыстың қақ ортасында мектеп жабылды. Қабырғасы қақырап, төбесі құлауға шақ қалған оқу орны адам өміріне қауіпті деп танылған. Сондықтан 250-ден аса оқушы мен 50-ге тарта мұғалім басқа мектепке ауыстырылды.

Балжан Бауыржанқызы, мұғалім:

Бізді көрші №64 мектепке көшірді. Оған біз каникул аралығында көштік. Көшкен соң кабинетімізді, оқушылармен қайта отыратынымыз, сабақ кестесін – барлығын ыңғайлап берді. Сағат қысқарған жоқ. Қанша сағат болды, сол бойынша.

Қаладағы №44 орта мектептің іргетасы 75 жыл бұрын қаланған.  Қабырғасы қақырап, едені опырылып, төбесінен құм саулап тұр. Білім бөліміндегілердің айтуынша, мектеп осы оқу жылында тез қирай бастапты. Шұғыл түрде комиссия құрылып, ғимараттың жағдайы зерттелген. Нәтижесінде апатты деп танылды. Қазір мұнда от жағып, қар күрейтін жұмысшылар ғана қалды. Ал оқушылар мен мұғалімдер басқа мектепте кірді. Енді олар қаладағы №64  орта мектеп ғимаратына екінші ауысымда толық иелік етеді. Оқу жылының соңына дейін екі ұжымды бір ғимаратт а ұстап, ары қарай кейінірек ойластырамыз дейді шенеуніктер.

Есентай Әшім, Қарағанды білім бөлімінің басшысы:

№64 мектеп 600 оқушыға арналған мектеп, қазір 360тай бала оқып жатыр. Сондықтан ондағы екінші ауысым мен ауысым аралық мерзімге №44 мектептің балалары орналастырылды. Оқушыларға еш қиындықсыз білім алуға мүмкіндік бар деп есептейміз. Мына мектеп сүрілетін болса, оның орнына жаңа 300 орындық мектеп салынады деген жоспар бар. Өйткені қазір осында 260 бала ғана оқып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.