{metadescription}
Пара алғандар бұрынғыдан төрт есе көп айыппұл төлейді
Пара алғандар бұрынғыдан төрт есе көп айыппұл төлейді

Пара алғандар бұрынғыдан төрт есе көп айыппұл төлейді

Енді пара алғандар 20 есе айыппұл төлейді. Бұл қолданыстағы заңда көрсетілген мөлшерден төрт есе көп. Парақорлар төлейтін айыппұлды көбейту туралы заң жобасы әділет министрлігінің азаматтарға арналған ашық порталында талқыланып жатыр.

Құжатта коммерциялық пара берушілерге де жазаны қатаңдату қарастырылған. Мысалы, пара алған адамға сол соманың 10 еседен 20 есеге дейін айыппұл салынады. Ал егер пара мүлік ретінде берілсе, сол мүліктің құны мөлшерінде төленеді. Болмаса, 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады. Немесе 5 жылға бас бостандығы шектеліп, яки өмірінің бес жылын темір торда өткізуі мүмкін. Жемқорлардың жазасын қатаңдатуды «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы мен Бас прокуратура ұсынынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.