{metadescription}
Қытай шекарада карантин шектеуін алып, көлік жүргізушілеріне талап қойды
Қытай шекарада карантин шектеуін алып, көлік жүргізушілеріне талап қойды

Қытай шекарада карантин шектеуін алып, көлік жүргізушілеріне талап қойды

Қытай Қазақстанмен шекарасындағы карантин шектеулерін алып тастады. Дегенмен көрші ел шекарадан өтетін көлік жүргізушілеріне бірқатар талап қойып отыр. Онда ПТР-тесттен бөлек, көліктің өзі халықаралық стандартқа сәйкес келуге тиіс деген тармақтар бар.

Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары:

- Шекарадағы шектеулерді алып тастағаннан кейін, бұрын Қытай тарапы белгілеген автокөлік құралдарының сипаттамаларына қойылатын талап сыртқы экономикалық қызметкер бірқатар қатысушыларының наразылығын тудырған болатын. Себебі, олар автокөлік құралдарына қойылатын қатаң талаптарды орындау кезінде автокөлік құралдарына қайта жабдықтау үшін белгілі бір шығынға ұшыраған.

Өткізу бекеттеріндегі қозғалыстың қайта қалпына келуіне байланысты, тұрғындар тарапынан сұрақтар туындауда. Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмыс комиссиясы шекараға барып түсіндіру жұмыын жүргізіп қайтқан.

Көптеген кеден бекеті пандемия басталғаннан бері үш жылға жуық уақыт бойы жабылған еді. Бүгінге дейін Қытай аумағына күн сайын тек санаулы автокөлік өткізіліп келді. Соңғы айларда өз азаматтарының жаппай наразылықтарынан кейін Бейжің індеттің жаңа толқынына қарамастан, шектеу шараларын алып тастау туралы шешім қабылдаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.