{metadescription}
Марқұм Шумковтың анасы мен жесірі 105 миллион төлеуді талап етті
Марқұм Шумковтың анасы мен жесірі 105 миллион төлеуді талап етті

Марқұм Шумковтың анасы мен жесірі 105 миллион төлеуді талап етті

«Алматылық дәрігерді атқан айыпты 20 жылға сотталсын». Бүгін прокурор Шумковтың өліміне кінәлі деп айыпталған күдіктіге прокурор соттан осынша жыл жаза сұрады. Марқұм Шумковтың анасы мен жесірі материалдық және моральдық шығын ретінде 105 миллион теңге төлесін деген талабын да айтты. Осыған дейін күдікті кінәсін толық мойындаған еді.

Данияр Тағаев, мемлекеттік айыптаушы:

- Түпкілікті жаза ретінде 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауыңызды сұраймын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуін белгілеуіңізді сұраймын. Бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдыруыңызды сұрайымын және ҚҚР ҚК 98-бабына, 1-2 тармақтарына сәйкес сотталушы жәбірленуші жаққа 30 АЕК өндіріп алуын сұраймын.

Былтыр сәуір айының басында Алматыда емделуші өз дәрігерін аңшы қаруымен атып өлтірді. Қанды қылмыс таңғы уақытта көлік тұрағында болған. Юрий Шумковты атқан соң, күдікті артынша жол бойында тұрған көлікке мылтығымен мініп, оқиға орнынан ізін суытады. Полицейлер оны бір сағатқа жетпей ұстады. Осыған дейінгі сот отырысында куәгерлердің берген жауабы бойынша, айыптының мылтықтан бөлек, тапаншасы болғаны да анықталды. Қылмысты алдын ала жоспарлаған. Бір күн бұрын қанды оқиға болатын жерде жалдаған такси көлігінің ішінде жасырынып жатқан. Ал күдіктінің анасы ұлы бұл қылмысқа шарасыздықтан барғанын мәлімдеген еді. Айтуынша, іш құрылысын тексеру үшін зонд жұнтқызғанда шеміршегін сындырып жіберген. Сол жарақаттан нәр тата алмай қалған жігіттің жағдайы күрт нашарлап, екі айда 95 тен 64 келі салмаққа бір-ақ түскен. Шумков кінәсін мойындамай, өзіне маңайлатпаған соң, ашынған баласы ақыры осындай қылмысқа барыпты. Атышулы іс бойынша сот аяқталуға жақын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде