{metadescription}
Бір ғана су құбыры сегіз жылда 40 рет жарылған – Алматы
Бір ғана су құбыры сегіз жылда 40 рет жарылған – Алматы

Бір ғана су құбыры сегіз жылда 40 рет жарылған – Алматы

Үйіндінің астында қалудан қорқады. Алматыда бүтін бір отбасы төрт жылдан бері үйінде үреймен өмір сүріп жүр. Дәл баспанасының алдынан өтетін су құбыры жиі жарылып, үйін бірнеше рет су басып, екі қабатты үй 60 сантиметрге шөгіп қисая бастаған. Ал су құбыры "Алматы суға" тиесілі екен.

- Міне, нөлде тұр мынау, мына жағы ары қарай кетіп бара жатыр. Бұл ас үйден бастағанда. Залдан бастаған кезде өте үлкен.  

Баспанасының кем-кетігін көрсетіп жыларман болған Арсланбек Полатов төрт жылдан бері тыныш таппай жүр. Кезінде қыруар қаржыға салынған зәулім үйінің қазіргі күйі осындай. Едені 60 сантиметр шөксе, қабырғалары қисайып жан-жақтан жарылып кеткен. «Бұған себеп – үйінің қарсы алдынан өтетін су құбырының жиі жарылуы», - дейді.

Арслан Полатов, Алматы тұрғыны:

Қалай Наурызбай ауданына көштік, бұл су төрт жылдан бері қайтақайта алып кетеді. Бригадасы келіп, қазады да, шойын құбырды  дәнекерлей алмаймыз деп, ағаш қағып кетеді. Ол қайтақайта атылып кетіп жатыр. Үйден қорқамын. Үйде бала-шағаммен жатқан кезде құлап кете ме деп қорқамын.

Айтуынша, бұл су құбыры сегіз жылдан бері 40 рет жарылған. Құбыр «Алматы суға» тиесілі. Қазір үйдің иесі аталмыш мекемемен соттасып жатыр.

Кәмшат Шынтекова, заңгер:

- Ең қызығы, бірінші сатыдағы сотта Бостандық ауданының прокуратурасы барлық уәжімен келісе салады. Екінші сатыға өздері қарсылық білдіріп, көңілі толмай, шешімге наразы болды. Оны қалай түсінсек болады? Қазір апелляциялық сот қарап жатыр. Әділетті болуын сұраймыз.

«Алматы су» мекемесі көше түгілі, бүтін бір Наурызбай ауданындағы су құбырларының ескіргенін мойындады. Бірақ дәл осы үйдің құбырынан аққан судан зардап шеккенін сот шешсін деп отыр.

Серік Шәгіров, «Алматы су» МКК ресми өкілі:

Саяжай учаскелері болғаннан кейін ол тек мерзімінде жазды, үй шаруашылығына арналған. Наурызбай ауданындағы бірінші проблема – тұрғындар құбырды өздері салған. Қалаға қосылғаннан кейін, мемлекеттік мекеме болғаннан кейін, ол құбырларды эксплуатация жасап жатырмыз. Сот өткізген сараптама бойынша құбыр мен үйдің еш байланысы жоқ деген шешімі бар.

«Маңдай терім зая кетті» деген үйдің иесі сот әділ жүрсе екен деп тілейді. Өйткені баспана уақыт өткен сайын одан бетер қисайып, соңында тіпті бала-шағамызбен үйіндінің астында қалып қоямыз ба деп қорқады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде