{metadescription}
Қарағанды мен Жезқазған арасындағы күре жолда киік көбейді
Қарағанды мен Жезқазған арасындағы күре жолда киік көбейді

Қарағанды мен Жезқазған арасындағы күре жолда киік көбейді

Қарағанды мен Жезқазған арасындағы күре жолда киік көбейді. Осы маңда жүздеп жосып жүрген ақбөкендер жиі көзге ұшыраса бастады. Себебі: қатты аяздан өңірдегі дала еркелері оңтүстікке көшіп жатыр.

Соңғы уақытта желіде таралаған бейнежазбаларды ел қызыға қарайтын болды. Көзге сирек түсетін сұлуларды сайын далада жақыннан көру әркімге таңсық. Мамандардың айтуынша, браконьерлермен күрес өз жемісін берген. Соңғы 10 жылда ақбөкен саны 13 есеге артыпты. Орталықтағы қардың бетіне мұз қатқан соң, киіктер оңтүстік өңірлерге төтесінен тартып жатыр. Киіктер  ауыл-аймақ пен жол бойынан жиі көріне бастаған. Оның үстіне киіктің қатары қалың болса, қатты үрке қоймайды екен. Бірақ бұл жайт оларға да, тас жолдағы көліктерге де қауіп төндіреді.

Альберт Салемгареев, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының бас маманы:

- Біз қазір жолдың қай учаскесі қауіпті екенін анықтап жатырмыз. Адамға да, жануарға да. Сол жерлерге жылдамдықты шектейтін белгі  қою қажет. Жезқазған - Қарағанды тас жолына келесі жылы күрделі жөндеу жүргізіледі. Сол кезде осы ұсынысты ескеру қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде