{metadescription}
Өзінің жүк көлігін қасақана өртеп жіберген – Ақтөбе облысы
Өзінің жүк көлігін қасақана өртеп жіберген – Ақтөбе облысы

Өзінің жүк көлігін қасақана өртеп жіберген – Ақтөбе облысы

Оңай олжаны көздеген. Ақтөбе облысында жүк көлігін қасқана өртеп жіберген тұрғын ұсталды. Ол мұндай әрекетке мол пайда табу үшін барған.

«Айналдырған бес минутта көлігім күлге айналды» деп жүрген жүргізушінің өзі кінәлі екен. Жол бойында жүгімен қоса жанып кетті деп алғашқыда зар илеген. Кейін тексеру кезінде 34 жастағы ақтөбеліктің DAF маркалы машинаны трассаның бойына шығарып әдейі өртегені анықталды. Ол Алматыдан 146 миллион теңгенің тауарын тиеп Мәскеуге жеткізуі керек болған. Жолай Ақтөбе облысындағы туысының үйіне тауардың жартысынан көбін түсіріп кеткен. Соны өзі иемденіп алмақ болыпты. Тиелген тауарлар электроника мен ұялы телефон, автомагнитола және басқа да техникалар. Қазір күдікті қамауда отыр.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Күдікті Маржанбұлақ ауылындағы туысқанының үйіне тауардың бір бөлігін, шамамен 70 пайызын түсіріп, одан әрі Самара-Шымкент тас жолына шығып, фураның тіркемесін, қалған тауарды өртеп жіберген. Тауар иесі жүк көлігінде жалпы соммасы 146 миллион теңгеге тауар бары екенін түсіндірген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде