{metadescription}
Табиғаттың тосын мінезіне тап болғандар
Табиғаттың тосын мінезіне тап болғандар

Табиғаттың тосын мінезіне тап болғандар

Ауа райының қолайсыздығынан аяқ-қолын сындырғандар көбейді. Әсіресе Семейде бір күнде 100-ге жуық адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Ауа температурасы 37 градусқа төмендеген Астанада да майып болғандар көп. Ал қысы жылы Шымкентті қалың қар басып қалды.

Бірақ күнгейдегі коммуналдық қызмет анда-санда жауатын ақ ұлпаның өзін  тазалап үлгермей жатыр.

Астанада ауа температурасы 37 градусқа төмендеп, үскірік аяздың антирекорды тіркелді. Суық ауа желмен қосқанда 43 градусқа дейін жеткен. Ал көшедегі көк мұзда біреудің сүйемелдеуінсіз жүру мүмкін емес. Қазір бас шаһарда аязда бүрсең қағып асыққандардың арасында аяқ-қолын сындырғандар көбейген.

Рүстемғали Есниязов, Астана тұрғыны:

- Емханаға жақындағанда құлап қалдым. Артынша аяғымды баса алмай қалдым. Кісілер емханаға кіруге көмектесті. Дәрігерлер жедел жәрдем шақырып, осы жаққа алып келді. Травматологияда қаралып жатырмын. Не айтатынын білмеймін.

Шымкент көшелері кешелі бері жауған қардан тазаланып жатқан жоқ. Көктайғақтан көліктер жүре алмай қиылыста тұралап қалды. Жолдарда тіпті полицейлер мен еріктілер тобы қарға батқан көліктерді шығарып жүр. Күнгейлік коммуналшылар мұндай қысқа дайын болмаған секілді. Себебі, құм мен тұз сеппек түгілі, жолдағы қалың қарды тазалап жатқан техника көрінбейді.

Нұрбек Исаев, Шымкент тұрғыны:

- Қалада инватаксиде істеймін. Мына барлық жол тазаланбайды, әкімшілік мүлдем қарап жатқан жоқ. Тұрып қап жатырмыз, міне, тұрмыз, өшіп қалдық. Тығылып жатырмыз, міне ...

Семейде де дәл осындай көрініс. Шаһар көшелерінің көк тайғаққа айналғанына бір апта болды. Бірақ мұзға тұз сеуіп жүрген жан жоқ. Тайғанақтаған тұрғындар әлеуметтік желіде түрлі лафхақ ойлап табуда.

Соған қарамастан ауруханалардағы сынық-жарақат бөлімі мертіккен науқастарға лық толды. Мұнда бір тәулікте 84 адам жеткізілген. Дәрігерлер тайғақта майып болғандардың саны сағат сайын артып жатыр дейді.

Әділет Бағдатұлы, травматолог:

Адамдардың травматологияға келуі көбейді. Екі есеге өсті. Бізде орташа 35-40 адам болса, кеше 84 адам болды. Бүгін түске дейін 30 адам келді. Көбіне үлкен кісілер құлайды. Арасында жастар да бар. Науқастардың шағымы көшенің күрелмеуі мен мұзға топырақ себілмеуінен болған.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша алдағы күндері бірқатар өңірлерде ауа температурасы төмендеп, 30 градусқа дейін аяз күтілуде. Ал суықта дизель көліктердің қатып қалу қаупі жоғары. Сондықтан жол сақшылары дизельмен жүретін көлік иелеріне алыс жолға шықпауға кеңес береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде