Алты жасар бала үш айлық қарындасын пышақтап өлтірді
Жетісу облысында алты жасар бала үш айлық қарындасын пышақтап өлтірді. Жантүршігер оқиға Жаркент қаласында болған. Ойын баласының мұндай қадамға баруына қызғаныш себеп болуы мүмкін.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
11.01.2023
Панфилов ауданы әкімдігінің мәліметінше, қара жамылған отбасының бес баласы бар. Көпбалалы ана үлкен ұлдарын мектепке апару үшін түс уақытында үйінен шығып кетеді. Ал үш айлық бүлдіршінді алты жасар баланың қарауына қалдырады. Сол уақытта әлі ес кірмеген бала туған қарындасына үш жерден пышақ сұққан. Ауыр жарақат алған сәби үлкендер үйге жеткенше жан тапсырыпты. Отағасы жұмыста болған. Мұндай сұмдықты жасады деген баланың психологиялық ауытқуы жоқ. Ата-анасы: "Бар көңіліміз төрт ұлдан кейін дүниеге келген қызымызға ауып кеткен соң, қызғаныштан қарындасын өлтіруі мүмкін"-дейді. Қазір қанды оқиға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Меруерт Морякова, Жетісу облысы ПД ресми өкілі:
- Жаркент қаласында үш айлық нәрестеге пышақ жарақатын салу фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы, үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажет сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жарияланбайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!