{metadescription}
«Балдаурен» сауықтыру орталығында жеткіншек көз жұмды — Бурабай
«Балдаурен» сауықтыру орталығында жеткіншек көз жұмды — Бурабай

«Балдаурен» сауықтыру орталығында жеткіншек көз жұмды — Бурабай

Бурабайдағы «Балдаурен» сауықтыру орталығында 14 жастағы жеткіншек көз жұмды. Ақтөбе облысынан демалуға келген Нұрдәулет Манап бүгін таң ата қайтыс болған.

Лагерь басшыларының айтуынша, ол түнде іші ауырғанын айтып кезекші тәрбиешіге шағымданған. Ауруы асқынған соң олар жедел жәрдем шақыртыпты. Бірақ бала 103 келгенше қайтыс болған. Ол аталмыш лагерьге бару үшін өнерде де, спортта да алда болған дарынды балалар қатарынан екен. Дені сау баласын Бурабайға аттандырып, енді қара жамылған отбасы жеткіншек «ауырып өлді» дегенге сенбейді.

«Балдаурен» балалар сауықтыру орталығында бір ауысымда республикамыздың түкпір-түкпірінен 300-ге жуық бала дем алады екен. Оқушылар қазір де келіп жатыр.Бүгін түнде қайтыс болған 14 жастағы бала Хромтаудан бір күн бұрын ғана келіпті.

Орталықта дарынды, яғни оқуда үздік, спортта алда жүрген балалар демалады. Жылына мұнда 15 мыңнан аса оқушы келеді. Нұрдәулет те сондай жеткіншектер қатарынан. Хромтаудағы нөмірі 3-ші мектепте оқитын ол осы лагерьге жолдама алу үшін көп дайындалған. Бірақ түнде аяқасты ауырып, таңға жуық көз жұмған.

Жанкелді Әмірғалиев, «Балдәурен» балалар оқу-сауықтыру орталығы бас директорының орынбасары:

- Түнгі сағат 4-тен аса түнгі кезекшілерге бала денсаулығына қатысты шағымын білдіріп орталықтың медицина кешеніне қаралды. Бірден ауданнан жедел жәрдем шақырылды. Өкінішке қарай жедел жәрдем келгенге дейін бала қайтыс болды.

«Балдәуреннің» басшылары баланың іші ауырғанын айтады. Жедел жәрдем жеткенше, жеткіншек бақилық болыпты. Ол кереуетте емес, жерде жатқан. Лагерьге келгеніне де көп болмапты. Нұрдаулет 9 қаңтар күні Бурабайға жетісімен, анасына қоңырау шалып, Түркістан мен Астанадан келген балалардан қорқатынын айтыпты. Сондықтан марқұмның туыстары бала әлімжеттіктің құрбаны болуы мүмкін деген күдігі барын айтады.

Есен Бұрханов, марқұмның жездесі:

- Жаңа экспертизаға кірдік. Ол жерде байқағаным, баланың сол жақ иығында көгерген тұстары болды, сол жақ иығында. Одан кейін арқасын аударып көргенде толығымен арқасы көгерген. Одан кейінгі экспертизаның сөзі бойынша, ол кісілер айтады, ол онкологиялық тұрғыда бір ауру болды деп. Бірақ біз ол сөзге сенбейміз. Шешімін күтеміз.

Сараптамадағы дәрігердің бұл алдын ала айтқан болжамы. Нақты қорытындысы бір айдан соң белгілі болады.Негізі Нұрдәулет сауықтыру орталығына келмес бұрын медициналық тексерістен өткен. Сондықтан денсаулығында ақау болды дегенге ата-анасы сенбейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.