{metadescription}
Шетел көліктерін сақтандыруға тыйым салынды
Шетел көліктерін сақтандыруға тыйым салынды

Шетел көліктерін сақтандыруға тыйым салынды

Елімізде ертеңнен бастап шетелдік көліктерді сақтандыруға тыйым салынады. Енді көрші елден әкелінген көліктерді бұрынғыдай полис арқылы саудалау сап тыйылады.

Заңдағы өзгеріс күшіне енуіне бір күн қалғанда, жүргізушілер жаппай сақтандыру компанияларын жағалап жүр. Агенттер хабарласышулардың көбі Ресейден көлік жеткізгендер екенін айтады.

Қазір Ақтөбеде сақтандыру агенттерінің қадірі артып тұр. Шетелдік нөмірлі көлік тізгіндегендер полистерін жаңарту үшін күні-түні хабарласуда. Бұл өңірде көршілес Ресейден әкелінген көлік көп. Тәртіп сақшылары аймақта шетелдік нөмірлі көліктердің нақты саны қанша екенін айта алмайды. Олардың көбі жергілікті тіркеуге тұрмай, тек сақтандыру полисімен жүр.

Құралай Мырзамұратова, сақтандыру агенті:

Көп, иә,түннен бері келді. Түнде, тіпті сағат бірге дейін жазып жатқандар бар. Онлайн жіберіп жатыр. Енді ертең ғой. Білмеймін, кезек көп. 12-сінен кейін бітті.12-сі 12.00-де бітеді ғой.

Ертеңнен бастап жол қозғалысына қатысты заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Онда сақтандыру полисіне қатысты талап күшейтілген. Ендігі жерде қазақстандықтарға шетелде тіркеуде тұрған машиналарға сақтандыру полисін алуға тыйым салынады.

12 қаңтардан бастап сақтандыру полисін тек қазақстандық тіркеуге алынған немесе шетелдік азамат басқаратын көліктерге ғана беріледі. Отандастарымыз сонымен қатар сақтандыру полисімен бұрынғыдай темір тұлпарды өзгеге сата да алмайды. Ал транзитті мемлекеттік нөмірі бар көліктер тек он күнге ғана сақтандырылады.

Шетелдік нөмірі бар көлік мінген ақтаулық жүргізушілер де заңдағы өзгерістерге уайымдап отыр. Мұнда негізінен Армения, Грузия, Ресейдің көліктері көп. Сондықтан шетелдік көліктерді сақтандыруды алып тастау мұнайлы аймақтың жүргізушілеріне жаға қоймады. Өйткені көбісі әлі көлігін сақтандырып үлгермеген көрінеді.

Асқар Дәулетбайұлы, Ақтау тұрғыны:

- Оған уақыт беру керек сияқты әлі. Адамдар үлгере алмай жатыр. Көбісінің жағдайы жетпейді. Қайтадан қаралу керек сияқты ол. Сақтандыру полиісі тағы қаралғаны дұрыс сияқты. Неге десек, шетелден келетін бізде көліктер саны өте көп. Біздің адамдарға тиімді болғандықтан, сол жақтан алып жатыр.

12 қаңтарға дейін рәсімделген полис уақыты біткенше жарамды болып қала береді. Демек көшелерден шетелдік көліктерді әлі де бір жыл көреміз. Одан кейін Ресей, Армения, Грузия, Қырғызстаннан әкелінген темір-тұлпарлар біздің елде еркін жүре алмайды. Сондықтан құзырлы органдар шетелдік көліктерді дереу рәсімдеу керектігін айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.