{metadescription}
Аманжан Жамалов: Бала туған сайын зейнет жасы екі жылға төмендетілсін
Аманжан Жамалов: Бала туған сайын зейнет жасы екі жылға төмендетілсін

Аманжан Жамалов: Бала туған сайын зейнет жасы екі жылға төмендетілсін

Әр бала туған сайын зейнет жасы екі жылға төмендесін. Бүгін депутаттар әйелдердің зейнетке шығу жасын бала санына қарай төмендетуді ұсынды. Мұндай шешім Қазақстандағы әйелдердің өмір сүру жасын ұзартып, демографияға оң әсерін беретініне мәжілісмен Аманжан Жамалов бек сенімді.

Аманжан Жамалов, Мәжіліс депутаты:

- Қазіргі кезде 53 жастан бес және одан да көп бала туған, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген көпбалалы аналар ғана зейнетке шығады. Менің ойымша, жоғарыда аталғанды ескере отырып, Үкімет баласы бар аналардың зейнетке шығу жасын азайту ұсынысын қарастыруға тиіс. Өмірге келген әр бала үшін зейнет жасын екі жылға азайтқан жөн. Алайда 10 жылдан аспайтын мерзімге төмендету керек. Сонда үш баласы бар әйел зейнетке 6 жыл ерте шыға алады.

Статистикаға сәйкес, соңғы үш жылда елімізде әйелдердің өмір сүру ұзақтығы бір жарым жылға азайған. Сондықтан бала тәрбиелеп, үй мен өндірістің жұмысын қатар алып жүрген әйелдерді ертерек зейнетке жіберу керек деп есептейді Жамалов. Осы тақырып қоғамда толассыз талқыланғаннан кейін, президент 2028 жылға дейін әйелдер үшін зейнетке шығу жасын 61-ге тоқтатып қойған болатын. Енді осы аралықта Үкімет зейнетақы қорына салымшыларды азайтып аламыз деп қорықпай, бір амалын тапсын деп талап етіп отыр мәжілісмендер. Бала туып, өсіріп, бағып-қаққан бейнетінің зейнетін әйелдер ертерек көрсе деген депутатты өзге әріптестері де қолдап отыр.  

Дәния Еспаева, Мәжіліс депутаты:

- Жаман идея емес. Баласы бар әйелдерді ертерек зейнетке жіберуді айтып жүрміз ғой. Енді министрлік жұмыс істеп, статистика жүргізу керек. Бұған бюджеттің шамасы қалай дегендей. Бұл демографияның өсуіне өте жақсы әсер етеді деп ойлаймын, жақсы ғой. Бізге адам санын арттыру керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде