{metadescription}
Мәжілісмендер белсенді: 13 заң жобасы, жарыссөздер, депутаттық сауалдар
Мәжілісмендер белсенді: 13 заң жобасы, жарыссөздер, депутаттық сауалдар

Мәжілісмендер белсенді: 13 заң жобасы, жарыссөздер, депутаттық сауалдар

Мәжілісмендердің бүгін қозғамаған тақырыбы жоқ. 13 заң жобасын қарап, жарыса сөз алып, кезектесіп депутаттық сауал жолдап жатыр. Мұндай белсенділікті әр мәжілісмен әртүрлі түсіндіруге тырысты.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов тіпті Мәжіліс айдың аяғына дейін тарауы да мүмкін дейді. Қос палатаның бірлескен отырысы алдағы жұмаға белгіленген. Біраз мәселе сол кезде нақтыланып қалуы ықтимал.

Арман Қожахметов, Мәжіліс депутаты:

- Біріншіден, оны Президент өзі айтты, осы желтоқсан айында, осы айда айтамын деп. Келемін Парламентке деп. Осы апта, мүмкін келесі апта президент өзі айтатын шығар. Енді оны партия шешеді. «Аманат» партиясының мүшесімін.

Ирина Смирнова, Мәжіліс депутаты:

- Мен партия мүшесімін. Таратып жіберген жағдайда партиядағы жұмысымды жалғастыра беремін. Сүйтіп келесі сайлауға түсіп, сол сайлауда жеңу үшін барымызды саламыз. Бірақ әзірге партия тізімінде бармын ба, жоқпын ба, білмеймін.

Әлия Әбсеметова, Мәжіліс депутаты:

- Келгім келеді, иә. Себебі, былай қарасаң, екі жыл ғана жұмыс істедік. Толық бес жыл ғой. Әрине, ондай ойым бар. Бірақ олай болмаса жастарға, келесі буынға жолымыз ашық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде