{metadescription}
McDonald's еліміздегі ет өндірісінде олқылықтар бар екенін көрсетті
McDonald's еліміздегі ет өндірісінде олқылықтар бар екенін көрсетті

McDonald's еліміздегі ет өндірісінде олқылықтар бар екенін көрсетті

Макдональдстың Қазақстаннан кетуі еліміздегі ет өндірісінде олқылықтар бар екенінің айғағы. Өйткені әлемдік бренд фаст-фудтың құрамын жіті қадағалайды. Ал олар елден кетуінің бірінші себебі - сапалы еттің болмауы деп түсіндірген.

Қазақстандық өнім шетелдіктердің талабына сәйкес келмепті.

Мұны сауда және интеграция министрі де жасырған жоқ. Серік Жұманғарин бренд басшылығымен сөйлескен. Жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін де айтыпты. Бірақ компания басшылығының шешімі өзгерген жоқ. Ал ет мәселесін ауыл шарушылығы министрімен қоса шешеміз деп уәде берді Жұманғарин.

Серік Жұманғарин, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Біздің нарықтан басқа фастфудтар кетіп жатқан жоқ, яғни осында Burger King, Hardee's секілді компаниялар бар. Атап айтқанда, McDonald's бүкіл өнім жеткізу тізбегіне өте жоғары талаптар қойып отыр. Бұл тұрғыда біздегі ет өңдеу саласында мәселелер бар екенін көрсетіп отыр. Бірақ бұл тек ет өңдеу өнеркәсібінде ғана емес, барлық ауыл шаруашылығына қатысты. Сондықтан ауыл шаруашылығын дамытумен қатар, мұндай маңызды жобаларды да ескеру керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде