{metadescription}
Петропавлда шашылған шыршаларға айыппұл төлетіп жатыр
Петропавлда шашылған шыршаларға айыппұл төлетіп жатыр

Петропавлда шашылған шыршаларға айыппұл төлетіп жатыр

Петропавлда полицейлер жаңа жыл мерекесінен кейін шыршаларды бейберекет лақтырып тастаған тұрғындармен күресіп жүр. Олар әрбір ауланы аралап арнайы рейдке шықты. Қылқан жапырақты ағашты қоқыс жәшігіне тастағандар 70 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін.

Петропавл тұрғындары жаңа жылды жаппай табиғи шыршамен қарсы алғанды қалайды. Мереке өткен соң кеуіп қалған қылқан жапырақты қаланың әр жерінде шашылып жатады. Тұрғындар тіпті қоқыс жәшіктерін толтырып тастайды. Алайда, шашылған шыршаларды тазалау тұрмыстық қалдықтарды шығаратын мекемелердің міндетіне кірмейді. Сондықтан полицейлер тұрғындарға үйінен шығарылған шыршаларды қала сыртындағы қоқысқа өздері апаруы керектігін айтып түсіндірме жұмысын жүргізді. Ескертпені елемегендерге хаттама толтырылып, айыппұл салынады.

Татьяна Васильева, тұрғын үй кооперативінің төрайымы:

- Шыршаны әкеледі де, тастап кетеді. Біз тұрғын үй кооперативінің қаржысын шығындап өзіміз тасимыз. Өйтпесек бізге айыппұл салады. Біреулер мерекенің сәнін келтіріп үйіне қылқан жапырақ орнатады. Ал оның айыппұлын өзге тұрғындар қосылып төлеуіміз керек пе?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде