{metadescription}
Қарағандыда көпқабатты үйдегі өртте үш адам өлді
Қарағандыда көпқабатты үйдегі өртте үш адам өлді

Қарағандыда көпқабатты үйдегі өртте үш адам өлді

Қарағандыда үш адамның өмірін жалмаған көпқабатты үйде жарылыс болмаған. Үш адамның пәтердегі өрттен ажал құшқаны анықталды. Тілсіз жау шарпыған баспанадағы тағы бір азамат жансақтау бөлімінде жатыр.

Ол өрт басталғанда сегізінші қабаттан секіріп, автотұрақтағы көліктің үстіне құлапты. Ал пәтерде тұншығып өлген ерлі-зайыптылар мен олардың туысы. Бәрі зейнет жасындағы қариялар. Өрттен 16 қабатты үйдегі 126 пәтердің тұрғындары қақаған аязда қауіпсіз жерге көшірілді. Түннен бері жақындарын жағалап кеткен олар баспанасына  бүгін ғана оралды.

Апаттан кейін пәтердің есігі тарс жабық болған. Құтқарушылар есікті бұзып кірді. Олар біреуін ас үйден, екіншісін жатын бөлмеден, үшінші адамның денесін кіреберіс дәлізден тауыпты.

Түтінге тұншыққан 70 жастағы ерлі-зайыптылар мен сол үйге қонақта болған туысы екен. Егде адамдардың 43 жастағы ұлы өрт кезінде балконнан секірген деп болжайды. Қазір ол көптеген дене жарақатымен жансақтау бөлімінде жатыр. Тілге келгенімен, ештеңе есінде жоқ. Өйткені удай мас болыпты. Өрт те соның бөлмесінен тұтанған екен.

Мұрат Қатпанов, Қарағанды облысы ТЖД бастығы:

Ол бөлмеде жиһаз, киімкешек төсек-орны жанып кеткен. Басқа бөлмелерде ондай жанған дүние жоқ. Табылған адамдар өз бөлмесінде табылған. Ұйықтап жатқан жерінде мүмкін түтіннен тұншығып қайтыс болған. Еш жарақат, күйген жері жоқ.

Төменгі қабатта орналасқан пәтер иелері келген шығынын есептеп жатыр. Өртті сөндіргенде су сегізінші қабаттан бастап төмен сорғалапты. Ал сол пәтердің астындағы баспана қожайыны Владимир Ахметьянов бағалаушыларды іздеп жатыр. Залалдың көбі соған келген сияқты. Пәтерін су алғаны өз алдына, балконнан құлаған тұрғын дәл соның көлігінің үстіне түскен.

Владимир Ахметьянов, Қарағанды тұрғыны:

- Өрт болып жатыр деп шулап кетті. Қарасам, подьезд қара түтін. Мен де далаға қаштым. Көлігімді үйдің артынан алысқа апарып тастайын деп тұраққа келсем, көліктің сау тамтығы қалмаған. Өйткені ол тура соған түсіпті. Нағыз жолы болмаған мен екенмін дедім. Пәтерім талқан болып ол жатыр, көліктің сиқы анау.

Қазір абайсызда бөтеннің мүлкіне зиян келтіру немесе жою бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ тұрғындар оған кім жауап беретінін білмейді. Себебі, аталған отбасы ішкілікке жақын болатын дейді көршілері. 

Раиса Шуховцова, Қарағанды тұрғыны:

Үйдегілердің барлығы мас болса, не дейміз? Бәленің бәрі болуы мүмкін. Үнемі ішіп алып төбелесетін де жатататын. Тірі қалған баласы ауру, оған арақ ішуге болмайды. Психиатриялық клиникада да жатты. Оны марқұм әкесі беделін пайдаланып шығарып алатын. Ол зейнеттегі полковник еді.

Бір қызығы, кеше құтқарушылар көпқабатты үйде газ жарылды деген болатын. Тіпті мұны ресми түрде мәлімдеген. Енді олар бұл болжамды қатты шошынған тұрғындардың сөзіне сүйеніп, асығыс айттық деп ақталып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде