{metadescription}
Қарда қалған ауылда қар ерітіп ішіп, шаңғымен жүр – Абай облысы
Қарда қалған ауылда қар ерітіп ішіп, шаңғымен жүр – Абай облысы

Қарда қалған ауылда қар ерітіп ішіп, шаңғымен жүр – Абай облысы

Абай облысындағы тұтас ауыл қар құрсауында қалды. Поллог елдімекенінде көлік қатынасы толық тұралап, тұрғындар шаңғымен жүруге мәжбүр. Қардан тазаланған көшенің бірінде көлік тұрмақ, адам да жүре алмайды.

Бұл видеоны ауыл тұрғындары түсірген. Шеткі көшенің тұрғындарына үйден шығу мұң. Қарлы бораннан кейін көлік қозғалысы толық тоқтаған. Жұрт дүкенге шаңғымен барып жүр. Тіпті ауызсудан тарыққандар қар ерітіп ішіп отыр. Ал тоғыз күн бойы қарда қалған ауылдың жолын ашуға әкім-қаралар үш күн бұрын ғана кіріскен. Оның өзінде ауа райының қолайсыздығынан техника бұзылып қалыпты.

Елена Деревянко, Жерновка ауыл округінің әкімі:

- 10 қаңтар күні екі техника Поллог ауылын қардан аршуға кірісті. Алайда шеткі көшенің жолын күреуге мүмкіндік болмады. Аяздан техника бұзылды. Қазір қардан аршып жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде