{metadescription}
Қаржы пирамидасын – алаяқтарды анықтайтын парақша ашылды
Қаржы пирамидасын – алаяқтарды анықтайтын парақша ашылды

Қаржы пирамидасын – алаяқтарды анықтайтын парақша ашылды

«Байқа, пирамида!». Аталмыш парақшадан байып кетудің жолын ұсынған компанияны тексере аласыз. Оңай ақша табуға көмектесетін ұйымның қаржы пирамидасына қатысы бар ма, жоқ па? Тап соны анықтауға болады.

Ол үшін сізді қызықтырған ұйымның БИН нөмірін телеграм-ботқа салып тексересіз. Қаржы мониторингі агенттігі жұртты енді осылай сақтандырмақшы. Әйтпесе күн сайын жиған-тергенін белгісіз біреулерге ұстатып зар илеп жүргендер азаймай тұр.

Агенттік 2022 жылы қаржы пирамидаларын ұйымдастыру бойынша 85 қылмыстық істі аяқтаған. 15 іспен үкім шығарылып, 23 адам сотталған. Ұйымдастырушылардың мүлкі тәркіленіп, түрмеге қамалды. Осындай істің бірі, алданған әйелдің өзін жағып жіберіп, жарнамалаған блогерлердің қамалуымен аяқталған. Қанша ескерту болса да, қызыл-жасыл жарнама мен қомақты қаржы деген соң, алданып қалғандар көп. Енді уәдені үйіп-төгіп, «әп-сәтте бай қылам» дейтін компанияларды әлеуметтік желіден тексеруге болады. Телеграм-бот азаматтарға қаржы пирамидасына тартатын алаяқтардың әрекетінен қорғануға көмектеседі. Пайдаланушыға компанияның, ұйымның сайтына, инстаграм парақшасына, «Вконтакте» тобына, телеграм арнасына сілтеме енгізу жеткілікті. Егер бұл ұйым кибер бақылау жүйесімен бұғатталған болса, пайдаланушыға дереу хабарланады.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- Сізге табыс ұсынатын компанияның БИН арқылы тексеруге болады. Іске қосудың бірінші кезеңінде телеграм мессенжерінде бір аккаунттан тәулігіне бес реттен көп сұрау жіберу мүмкін емес. Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтармен күресті белсенді жалғастыра береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде