{metadescription}
14 қаңтарда Жоғары палатаға әр өңірден бір-бірден депутат отаңдалады
14 қаңтарда Жоғары палатаға әр өңірден бір-бірден депутат отаңдалады

14 қаңтарда Жоғары палатаға әр өңірден бір-бірден депутат отаңдалады

Алдағы сенбіде Сенатқа жаңа депутаттар келеді. 14 қаңтар күні Жоғары палатаға әр өңірден бір-бір адам депутат мандатын алады. Ал оларды жергілікті Мәслихат таңдайды. Саяси науқан биыл тартысты өтетін түрі бар. Өйткені кандидат көп. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев жаңа саяси тұлғалардың көп болатына қуанып отыр.

Мәулен Әшімбаев, Сенат спикері:

- Осы 64 адамның ішінде төртеуі ғана қазіргі сенатор. Оның өзі жаңа құрылған облыстардан. Былтыр бірнеше жаңа облыс құрылды. Содан келген сенаторлар. Сол себепті келген сенаторлар негізінен жаңа адамдар болады деп айтуға толық негіз бар. Бұл енді жаңару белгісі. Қоғамда да жаңа адамдарға деген сұраныс бар.

Жаңа сенаторлар сайланып болғаннан кейін, спикер де заңға сәйкес, орнын босатады. Жаңа төрағаны президент жаңа құрамға өзі ұсынуы тиіс. Биыл Сенаттағы 20 мандатқа 55 кандидат бағын сынап көріп жатыр. Олардың көбі өзін ұсынған. Отыз пайызы – әйелдер. Ал Орталық сайлау комиссиясы додаға сақадай-сай. 20 кандидат жиырма дауыс беру пунктінде таңдалады.   Учаскелер сағат 10:00-де ашылып, сағат 11:00-де дауыс беру басталады. Науқанның қалай жүріп жатқаны Орталық сайлау комиссиясында бейнебақылау арқылы көрсетіліп отырады.

Нұрлан Әбдіров, ОСК төрағасы:

- Әр өңір сайлау өтіп жатқаны туралы ақпаратын визуал түрде, экраннан біздің Орталық сайлау комиссияға жеткізуге тырысады. Тиісті сигнал арқылы, ондай мүмкіндік бар. Былай қарасаң, елде тек 20 сайлау учаскесі қолданылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде