{metadescription}
Алматыда көпқабатты үйдің астындағы мейрамхана өртенді
Алматыда көпқабатты үйдің астындағы мейрамхана өртенді

Алматыда көпқабатты үйдің астындағы мейрамхана өртенді

Алматыда дәмханадан тұтанған өртте 60 адам эвакуцияланды. Оның 13-і – бала. Төтеншеліктер ойда-жоқта от ортасында қалған тағы бір жеткіншек пен қарт кісіні құтқарып қалды. Қызыл жалын көпқабатты үйдің астындағы мейрамхананың ас дайындайтын бөлмесінен тұтаныпты.

Өрт түскі сағат екі жарым шамасында Балуан Шолақ спорт сарайына қарама қарсы көпқабатты пәтерден шыққан. Алғашқы ақпар бойынша өрт екінші қабаттан шыққан. Айналдырған бір сағатта тілсіз жау шатырына дейін шарпып үлгерген. Байқауымызша, әлі де ішінде тұншыққан адамдар бар сыңайлы.

Қызыл жалын лап берген сәтте тасаға өздігінен шыға алмай, үй ішінде бір  кішкентай бала мен қарт кісі қалып қойған. Оларды төтеншеліктер полицейлермен бірлесіп әрең құтқарды.

Ольга, Алматы тұрғыны:

Дүрс ете қалды. Сосын қара түтін шықты. Бірден ыстың иісі сезілді. Үйде жүру мүмкін болмады. Сыртқа балкон арқылы өзіміз шықтық. Артынан өрт сөндірушілер көмектесті.

Баспанасы быт-шыты шыққан тұрғындар тікелей осы мейрамхананы кінәләп отыр. Әу бастан бері дәмхананың тұрғын үйге жапсарлас орналасуы заңсыз екенін айтып келсек те, ешкім бізге құлақ аспады дейді.

Ирина Кирсанова, Алматы тұрғыны:

Мейрамхана салына басталғалы бері шу болып жатыр. Мынандай тамақтанатын орынды көпқабатты үйге жапсарлас салуға болмайды. Өйткені өте қауіпті. Бірақ иесі рұқсат қағаздың бәрін алып алған. Арты не болғанын өздеріңіз көріп тұрсыздар. Жалғыз мүлігінен айырылған әкем қазір жүрек ұстамасымен құлады.

Расымен де тілсіз жау кафенің екінші қабатындағы ас дайындайтын орыннан шыққан. Сөйтіп жоғарыдағы пәтерлерге  лезде көтеріліп, шатырға да жеткен. Көпқабатты үйдің 310 шаршы метр аумағы күлге айналды.

Бағдат Шайзада, Алмалы ауданы ТЖБ бастығы:

- Өртті сөндіруге 50-ден астам жеке құрам және 16 техника жұмылдырылды. 60 адам эвакуцияланды. Және екі адам құтқарылды. Оның біреуі бала. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өрт екі сағаттың ішінде түгел сөндірілді.

Қазір мамандар оттың неден шыққанын анықтап жатыр. Ал тілсіз жаудан пәтері зақымданған тұрғындар қонақ үйге орналастырылатын болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.