{metadescription}
Қыздар төбелесі: Үш директор мен орынбасарлары қатаң сөгіс алды
Қыздар төбелесі: Үш директор мен орынбасарлары қатаң сөгіс алды

Қыздар төбелесі: Үш директор мен орынбасарлары қатаң сөгіс алды

Талдықорғанда қыздардың төбелесінен кейін үш бірдей білім беру мекемесінің директоры мен оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатаң сөгіс алды. Оқушы қызды жабылып ұрған жасөспірімдердің екеуі колледжде, біреуі мектепте оқиды. Ал қатарластарынан оңбай таяқ жеп жарақат алған қыз қазір ауруханада жатыр.

Шуға себеп болған видеода алдымен бір қыз диванда отырған құрбысына жұдырық сілтеп, тепкілеген. Сосын қалғаны қосылып, жан дауысы шыққан жасөспірімді аяусыз төпелейді. Осы кикілжіңді таспаға түсіріп әлеуметтік желіге салған 19 жастағы қыздың ішімдік ішіп, балағат сөздері жазылған түрлі видеосы да тараған. Төбелес шығарған кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналары әкімшілік жазаға тартылды. Видеоның авторы да айыппұл арқалап, оқудан шығарылған.

Әлішер Башаров, Жетісу облысы білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Жасөспірімдер полиция басқармасының есебіне қойылып, тәуекел тобына алынып, педагог-психологтар жеке түзету оңалту жұмысын жүргізіп жатыр. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы бойынша 2023 жылдың 13 қаңтарында аудан, қала әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау комиссиясында қаралып, шешім шығарылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде