{metadescription}
Астанада қақаған аязда бір топ жүргізуші бас көтерді
Астанада қақаған аязда бір топ жүргізуші бас көтерді

Астанада қақаған аязда бір топ жүргізуші бас көтерді

Астанада қақаған аязға қарамастан бір топ жүргізуші бас көтерді. Олар мініп жүрген көлігін енді қайда апарарын білмей тығырыққа тірелген. Сатайын десе өтпейді, тіркеуден шығарайын десе, шекара асып барғанымен, мүлік иесін табуы екіталай.

Қазір кірген орыс нөмірлі, армениялық нөмірлі машиналар бар. Бірақ оны есептен тексергенде басқа көлік көліктің мәліметі шығып тұр. Сондай машиналар қалай болады? Көлік кәдімгідей толық нөмірімен. Шетелден алғанмын. Бірақ ол кезде білмейміз ғой, басында қалай тексеретінін.

20 мың көлік дегеніміз, мысалы, мен көпбалалы анамын, бұл жерде көпбалалы әкелер, мүгедектер де бар. Барлығы 20 мың отбасы. Бәрі мұңын айтуға осы жерге жиналып отыр. Сіз Қазақстан Республикасы өкілі ретінде біздің мұңымызды ары қарай жеткізіп бере аласыз ба?

Бір қызығы, жиналғандардың әрқайсысында түрлі проблема. Бірінің көлігі екі мемлекетте қатарынан тіркеуде тұрса, өзгесінің техпаспорты заңды түрде есепте жоқ. Жағдайды түсіндіруге оларға қала әкімшілігі полиция басқармасының бастығы келді. Оның сөзінше, заң қабылданды, ереже бекітілді, енді шегінерге жол жоқ. Күні кеше ғана құзырлы орындар шетелдік нөмірлі көліктерді 23 қаңтардан бастап тіркеуге болатынын айтқан. Ол үшін азаматтар жеке бас куәлігімен қатар, техпаспортымен бірге халыққа қызмет көрсету орталығына келіп өтініш қалдыруы керек. Екі күннің ішінде темір тұлпар ақ нөмір алуға жарамды ма, жоқ па, белгілі болады.

Елжан Шөпеков, Астана ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

- Егер көліктің иесін таба алмаған болсаңыз, ішкі істер министрлігі көмектеседі. Яғни біз тұрғындарды бұлай қалдыра алмаймыз. Нәтижелі болатынына 100 пайыз кепілдік бере алмаймыз. Бірақ бұл біраз уақыт алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде