{metadescription}
Алматыда 27 градус аяз 1969 жылы болыпты
Алматыда 27 градус аяз 1969 жылы болыпты

Алматыда 27 градус аяз 1969 жылы болыпты

Алматының аязы жарты ғасыр бұрынғы рекордты жаңартты. Ауа температурасының минус 27,8 градусқа дейін түсуі соғы рет 54 жыл бұрын болған.

Минимум температура Шымбұлақта тіркелді. Ол жерде сынап бағанасы минус 27,8 градусты көрсеткен. Бұның алдында қаңтардың сарышұнақ аязы 1969 жылы тіркелді. Ол кезде минус 27 градус болған еді. Сонымен қатар синоптиктер «Мыңжылқы» метеостанциясында минус 32,4 градус тіркелгенін хабарлады. Олардың айтуынша, биыл Алматыдағы қыс қаһарына мінген. Басқа жылдармен салыстырғанда аяз қатты болды. «Қазгидромет» арктикалық антициклонның елде бірнеше күнге сақталатынын айтады.

Саида Бердібекова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

- Атмосфералық бөлімдер өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Қар және жаяу бұрқасын болжанады. Еліміздің батысында ауа температурасы түнде 5-17 градус аязға дейін жоғарылайды. Және ауа температурасының негізгі фоны түнде солтүстік батыста 13-28 градус аяз, солтүстікте 10-23 аяз, орталықта 17-28 аяз, шығыста 18-32 градус аяз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде