{metadescription}
Ақмола облысында алтын өңдейтін заңсыз цех анықталды
Ақмола облысында алтын өңдейтін заңсыз цех анықталды

Ақмола облысында алтын өңдейтін заңсыз цех анықталды

Ақмола облысында алтын өңдейтін заңсыз цех анықталды. Бестөбе кентінің 32 жастағы тұрғыны бағалы металды өз қорасында өндірген. Ол құм-тас құрамындағы алтынды ажырататын құрылғының бәрін қолдан жасапты.

Мал қамайтын қора алтын шығаратын цехқа айналған. Тас үгітетін қондырғыны жертөлеге қазып орнатыпты. Алтын аралас қиыршық кенді алдымен осы жерде ұсақтайды. Ал екінші бөлме – алтынға бай топырақты жуатын орын. Күдікті бұл құрылғыны да қолдан жасап алған. Ол шикізатты алтын фабрикасынан шығарылған қалдықтан жинап алғанын айтады.  Жасырын цехтан құрамында алтыны бар екі қап құм-тас тәркіленді.

Гүлнар Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне енгізілді. Құрамында қымбат металл бар шикізатты, қымбат тастарды заңсыз өндіру бабымен іс қозғалды. Оның қай уақыттан бері заңсыз жолмен табыс тауып келгені, басқа да сыбайластарының бар-жоғы тексеріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.