{metadescription}
Семейде автобус жүргізушілері жетіспей жатыр
Семейде автобус жүргізушілері жетіспей жатыр

Семейде автобус жүргізушілері жетіспей жатыр

Семейде автобустар жүргізушілері жетіспей жатыр. Автопарктегі қаңтарылып тұрған қоғамдық көліктерді тізгіндеуге ешкімнің құлқы жоқ. Соның кесірінен шаһарда күнделікті бағытқа шығатын автобустардың саны екі есеге азайған.

Андрей Соколов, жүргізуші:

Қазір он автобустың орнына бесеу ғана. Оның өзінде аязда есігі жабылмай қатып қалған жағдайда бірден жұмысын тоқтатады. Сонда бір бағытта төрт автобус қана қалады. Ал жолаушылар жүргізушілерді кінәлайды.

Қалада жолаушы тасымалымен айналысатын 320 автобус бар. Алайда шаһар көшесінде 160-ы ғана жүр. Ал қалған көліктер жүргізуші жоқтығынан қаңтарылып тұр. Себебі, 250 мың теңге жалақыны азсынып, көбі жұмысқа келмейді. Оның үстіне қыстың күні қалада жүру қиын. Қалың қар мен көктайғаққа дер кезінде құм себілмейді дейді жүргізушілер. Автобус  аздығынан аялдамаларда жолаушылар көбейген. Кейібірі суыққа шыдамай такси шақыртуға мәжбүр. Ал әкімдік автобус жүргізуге құқы бар азаматтарды жұмысқа алу мәселесін қарастырып жатыр.

Нұрлан Омаров, Семей автомобиль жолдары  және жолаушылар көлігі бөлім басшысының орынбасары:

- Орташа алғанда, жүргізуші тапшылығы шамамен 200 адам. Оның үстіне қоғамдық көліктердің көбі ескірген. Ал аймақта автобус басқаруға құқығы бар жүргізуші көп. Қазір оларды қызметке тартуды қарастырып жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.