{metadescription}
Алматылық дәрігерді атып өлтірген азамат 18 жылға сотталды
Алматылық дәрігерді атып өлтірген азамат 18 жылға сотталды

Алматылық дәрігерді атып өлтірген азамат 18 жылға сотталды

Алматылық дәрігерді атып өлтірген азамат 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Қоғамды дүрліктірген іске бүгін нүкте қойылып, күдікті барлық 5 бап бойынша кінәлі деп танылды.

Осыған дейінгі сот отырысында прокурор 20 жыл сұраған еді. Одан бөлек, марқұм Шумковтың жақындары моральдық және материалдық шығын ретінде 105 млн теңге төлеуін талап еткен. Сот ол өтінішке қатысты қандай шешім қабылдады?

Сотталушы Нұржан Тұрсынбаев соңғы отырысқа онлайн қатысты. Тергеу изоляторынан алдырмады. Судья үкімді оқи бастағанда сөзін бөлді.

Дыбысын дұрыстағасын қайта килікпеді. Үкімді үнсіз жатып тыңдады. Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру», «қорқыту», «қаруды заңсыз ұстау» , "заң өкіліне қарсылық көрсету" секілді бес бап бойынша айып тағылды. Сайып келгенде судья 18 жыл жаза тағайындады.

Еркін Майшынов, судья:

- Жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті Тұрсынбаев Нұржанға 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Тұрсынбаев Нұржан жазасын өтеу Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде тағайындалсын. Жаза өтеу мерзімі үкім заңды күшіне енгеннен бастап есептелсін.

36 жастағы азамат осыған дейін сотталмаған. Былтыр сәуірде өмірін күрт өзгерткен жағдайдан соң  қылмысқа барды. Юрий Шумковты көлік тұрағында өлтірді. Сот барысында оның түні бойы кездейсоқ жалдаған көлікте аңдып жатқаны анықталды. Ә дегенде дәрігерге атқан бірінші оғы дарымады. Жәбірленуші алған жарақатымен қаша бергенде, басынан дәлдеп тигізіп сұлатты. Қылмыс сәті камераға түскен. Онан соң көшедегі кездейсоқ көлікке мылтығымен кіріп, жүруін талап еткен. Полиция бір сағатқа жетпей оны ұстады. Ұлының мұндай аяусыз әрекетке баруын анасы шарасыздықпен байланыстырды. Айтуынша іш құрылысын тексеру үшін зонд жұтқызғанда шеміршегін сындырып жіберген. Сол жарақаттан нәр тата алмай қалған жігіттің жағдайы күрт нашарлап, екі айда 95 тен 64 келі салмаққа бір-ақ түскен. Шумков кінәсін мойындамай, маңайлатпағасын, ашынған баласы ақыры осындай қылмысқа жасауға бекінген. Прокурор Тұрсынбаевқа 20 жыл жаза сұраған. Алайда сотталушының үш жастағы баласы барын ескеріп 18 жыл кесуді жөн көрген. Марқұм Шумковтың анасы мен жесірі материалдық және моральдық шығын ретінде 106 млн теңге төлеуін талап еткен еді. Судья, Тұрсынбаевтың жағдайын ескере отырып, әрқайсына 15 млн теңгеден төлеу жеткілікті деген ұйғарымға келді. Үкіммен екі тараптың бірі келіспесе, 15 күннің ішінде апелляциялық сотқа шағымдана алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде