{metadescription}
Полиция қылмыскерлер мен жат ағым өкілдеріне қару-жарақ сатып келген
Полиция қылмыскерлер мен жат ағым өкілдеріне қару-жарақ сатып келген

Полиция қылмыскерлер мен жат ағым өкілдеріне қару-жарақ сатып келген

Полиция қызметкерлері қылмыскерлер мен жат ағым өкілдеріне қару-жарақ сатып келген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігімен бірлесіп, заңсыз қару саудасымен айналысқандардың жолын кесті. Олар Алматы қаласы және Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында құрықталған.

Тәртіп сақшылары тіркеуден шығарылған қару мен оқ-дәрілер «жойылды» деп жалған ақпарат беріп, алайда оларды арнайы цехта сақтап келген. Тінту барысында 347 қару, 13 граната және 7 387 оқ-дәрі табылды дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер. Осы іске қатысы бар азаматтардың барлығына сот үкімі шықты. Оларға 2-ден 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қызметтік міндетіне салғырт қарағаны және қол астындағыларды бақылаудан шығарғаны үшін құқық қорғау органдарының бірқатар басшысы да қызметінен шеттетілген.

Айыпталушы:

- Тіркеуден шығарылған қару мен оқдәрілер «жойылды» деп жалған ақпарат бердім. Өзімнің кінәмді толығымен мойындаймын. Өкінемін, енді қайталамауға уәде беремін.

Айыпталушы:

- Қазіргі таңда Сұлтанқорған мешітінде наиб имам болып жұмыс істеймін. Кобралы пистолет, оқтар алғам. 100 оқ. Қайталамауға уәде беремін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.