{metadescription}
«Алтын орда» базарының төрт экс-басшысына халықаралық іздеу жарияланды
«Алтын орда» базарының төрт экс-басшысына халықаралық іздеу жарияланды

«Алтын орда» базарының төрт экс-басшысына халықаралық іздеу жарияланды

Алматыдағы «Алтын орда» базарының бұрынғы төрт басшысына халықаралық іздеу жарияланды. Қылмыстық топ аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке іліккен.

Күдіктілердің суреті өткен айда базар аумағында іліне бастады. Кейін Алматы облысының полиция департаменті ақпаратты растады. Қылмыстық кодекстің 190-бабы, яғни алаяқтық бойынша Данияр Әбдіғапаров, Жұмадин Патов, Қанат Жақаев және Айдос Нұрқалиевті қазір құзырлы орган іздестіріп жатыр. Прокуратураның ақпараты бойынша, «Алтын орда» базарының бұрынғы бұл басшылығы біраз сатушыны сан соқтырып кеткен. Арызданушылардың айтуынша, олар жаңа павильоннан орын береміз деген желеумен қомақты қаржыны жинап алған. Алайда ғимарат бой көтергенмен, уәделі сауда нүктесін ала алмай, ақшасынан да айырылған.

Ернар Сайділдин, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

- ҚР ҚК 190-бабы бойынша, 1986 жылғы, 1984 жылғы және екі 1982 жылғы туған төрт азаматқа Қарасай ауданының қылмыстық полиция қызметкерлері іздестіруді жарияланғанын хабарлаймыз. Аталған азаматтарды ұстау және Қарасай ауданының полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алу туралы жедел іздестіру ісшаралары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде