Ақтауда алтыншы қабаттан лақтырылған диван ер адамның омыртқасын сындырды
Ақтауда алтыншы қабаттан лақтырылған диван ер адамды басып қалды. Оның мойын омыртқасы сынып, аяқ-қолы қозғалмай қалды дейді дәрігерлер.
Автор: Айман Нұрмағанбет
16.01.2023
Думан Мырзабеков, Маңғыстау облыстық ауруханасы нейрохиругия бөлімінің басшысы:
- Мойын бөлігінің омыртқасында сынық белгілері болды және мойын аймағының жұлынына зақым келген. Сол себептен қолаяғының қимыл қозғалысы шектеулі, өздігінен қозғала алмайды. Жағдайы алған жарақатына байланысты ауыр. Бір қалыпты болады. Барлық ем шараларын жүргізіліп жатыр. Диагностикалық шараны.
Оқыс оқиға 12 қаңтар күні болған. Ауыр жиһаз көпқабатты тұрғын үйдің маңынан өтіп бара жатқан 39 жастағы ер адамның үстіне түсіпті. Куәгерлер тұрғын үйдің алтыншы қабатында ойнап жүрген жасөспірімдерді көргенін айтады. Солар лақтырған болуы мүмкін деген болжам бар. Бірақ балалардың кім екені әлі анықталмаған. Үй иесі керек емес диванды кіреберісіне шығарып тастаған көрінеді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!