Бейсенбіде сенаторлар жоғарғы палатаның төрағасын таңдайды
Осы бейсенбіде құрамы 80 пайызға жаңарған сенаторлар жоғарғы палатаның төрағасын таңдайды. Конституция бойынша оны президент өзі ұсынуы тиіс. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы өткен Сенат сайлауының қорытындысын жариялады. Мәслихаттардың таңдауымен 20 тұлға парламенттен депутат мандатына ие болды.
Автор: Әзиза Төленби
16.01.2023
Жоғарғы палатаға өткендердің үшеуі — әйел. Осыған дейін мәслихат хатшысы, әкім орынбасары, аудан әкімі, оқу орнының басшысы, акционерлік қоғам өкілі болған азаматтар енді жұмысын парламентте жалғастырмақ. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 55 кандидат дауысқа түскен. Дауыс берушілер өзі қалаған депутатқа немесе «бәріне қарсымын» деген графаны таңдауға мүмкіндік алыпты. 14 қаңтар күні ешқандай заң бұзушылық, шағымдар мен арыздар келіп түспеген. Үміткерлердің дені өз-өздерін ұсынғаннан кейін бәсекелестік жоғары болды деп есептейді комиссия төрағасы.
Нұрлан Әбдіров, ОСК төрағасы:
- Осы сайлауда баламалық қағидаты сақталып, кандидаттардың бәсекелестік деңгейі жоғары болғанын атап өткен жөн. Орташа есеппен бір орынға 6 адамнан аса үміткерден келді. Осылайша, республика бойынша Сенат депутаттығына 130 кандидат ұсынылып, 55 кандидат дауысқа түсті. Сенат сайлауында кандидаттардың және депутаттық мандатқа ие болғандардың басым бөлігі өзінөзі ұсынушылар болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!