{metadescription}
Теміртауда жарты ай бос тұрған мектептер азынап кеткен
Теміртауда жарты ай бос тұрған мектептер азынап кеткен

Теміртауда жарты ай бос тұрған мектептер азынап кеткен

Теміртау қаласының мектептері 3- ші тоқсан басталғалы қашықтан оқып жатыр. Осыған дейін күннің суықтығы себеп болса, бүгін санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мектепке кіргізуге тыйым салған. Өйткені онсыз да жылуы мардымсыз қалада жарты ай бойы бос тұрған мектептер тіпті азынап кеткен.

Марина Грибанова, мұғалім:

- Терезелдерді өз күшімізбен бітедік. Саңылауларға целлофон пленкаларды жапсырдық. Сонда да ғимаратта 6 градус қана жылы. Мұны біз емес, әкімдік, мемлекет, ойлауы керек қой. Балалар келгеннің өзінде қалай отырады мына жерде? Оқушылар онсыз да жылу маусымы басталғалы бері қалың киіммен отыр. Бұл оқу процесіне кедергі келтіреді, бірақ амалымыз жоқ.

Теміртауда орталық жылу жүйесіне қосылған 23 мектепте бүгін бала жоқ. Олардың бәрінде талап бойынша болуы тиіс  жылу көрсеткіші 17 градусқа жетпеген. Соңғы жылдары Теміртау қаласы жылуға бір жарымай ақ қойды. Ал қалаға жылу беретін №2  жылу электр орталығы «Арселор Миттал» компаниясының меншігінде. Сондықтан қайдан құлақ шағарам десе де, қазаншының өз еркі. Олар үшін қайнаған су метталургиялық комбинатқа жетсе болды, одан шығып қалаға кететіні қатты алаңдатпайды. Айтатын уәжі; орталықтағы 6 қазандықтың тозығы жеткен. Ал жаңа жетінші қазандықтың құрылысы күзде ғана аяқталады. Тұтас Теміртауды қабағына қаратып қойған компания кешке дейін жылуды реттейміз депті. Қала басшығы да осылардың тілеуін тілеп отыр.

Самат Зияшев, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:

- «Арселор Миттал» басшылығы уәде беріп отыр. Қазір жылу беру тұқартанады деп. Кешке жақын тағы да тексереміз. Температурасы нормаға сәйкес келсе, ертең біз оқушыларды қайтадан оқуға жіберетін боламыз. Келмесе, біз облыс басшылығымен біз арнайы шешімге келеміз, атааналарға осы ақпаратты жеткіземіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде