{metadescription}
Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі ауыр хәлде жатыр. Басынан қатты зақым алған науқастың өмірі үшін дәрігерлер күресуде.

- Оң жағына қарамай шығып қалды. Жедел жәрдем басып озбақ болған. Анау шыққан ғой алдынан.

Тұрар Рысқұлов ауданында болған жол апаты бақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан бәрі анық көрініп тұр. Жедел жәрдем машинасы шақыртуға асығыс бара жатқан деседі. Ал мына жеңіл көлік оның алдын кесіп, қарсы бетке шығып кетуіне себеп болған. Көк тайғақтан тоқтай алмаған медициналық техника кроссоверге соғылып аударылған. Ішіндегі фельдшер қыз да жарақат алып отыр. Дәрігерлер оның жағдайы орташа дейді. Ал 31 жастағы жүргізушінің хәлі мүшкіл. Басына қатты зақым келген ол жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір осы жол апатына қатысты іс қозғалып, тергеу жүруде.

Мейіржан Омаров, Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Санитарлық автокөліктің ішінде екі адам болған. Жүргізуші және фельдшер. Бүгінгі таңда жүргізушінің жағдайы ауыр халде, бірақ санасы бар. КТ қорытындысына сәйкес, бас сүйегі мен бет сүйегі сынғаны анықталды. Санитарлық авиация желісі арқылы нейрохирургпен консультация жүргізілді. Операция қажет етпейді. Фельдшердің жағдайы бүгінгі күнде орташа.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.