{metadescription}
Алматыда бір ықшамауданды жылусыз қалдырған жүргізуші іздестіріліп жатыр
Алматыда бір ықшамауданды жылусыз қалдырған жүргізуші іздестіріліп жатыр

Алматыда бір ықшамауданды жылусыз қалдырған жүргізуші іздестіріліп жатыр

Алматыда бүтін бір ықшамауданды жылусыз қалдырған жүргізуші іздестіріліп жатыр. Ауыр жүк көлігін тізгіндеген ер адам газ құбырын қиратып, оқиға орнынан қашып кеткен. Зақымдалған құбырдың кесірінен қақаған қыста 50-ден астам баспана бір түнді жылусыз өткізді.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Аталмыш дерек Түрксіб ауданық полиция басқармасының қызметкерлерімен тергелуде. Жергілікті полиция басқармасына қарасты іздестіру бөлімінің қызметкерлері осы жол көлігі оқиғасын жасаған және оқиға болған жерден бой тасалаған автокөлік жүргізушісін іздеуде. Ол міндетті түрде табылып, жауапкершілікке тартылатын болады.

Ауыр жүк көлігін тізгіндеген жүргізуші кеше түске таман құбырға соғылып, артындағы қоршауды құлатып кеткен. Сөйтіп оқиға орнынан қарасын батырыпты. Ал құбырдың майысқан жері қоқыспен бітеліп қалған соң, айналадағы үйлерге газ әрең жетіп отырған. Қысымның аздығынан пештері сөніп қалыпты. Осылайша «Қайрат» ықшам ауданындағы 200-ге жуық үй жылусыз қалды. Тұрғындар шу көтергеннен кейін мамандар ілезде келіп, ақауды реттегенімен, тек 135 үйге ғана газ беріле бастаған. Қалған 52 баспана бір түнді дірдектеп өтізген. Жөндеу жұмысы бүгінге дейін жалғасты. Әкімдіктегілер қазір барлық үйде жылу бар деп сендірді.

Руслан Мальсагов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Газ қысымы өте әлсіз болды. Пеш бірде өшіп, бірде қосылып отырды. Суық болды. Кейбір үйлерде газ мүлдем болмады. Қазір енді үйіміз айтарлықтай жылып қалды. Мұндай оқиға алғаш рет болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде