{metadescription}
Жүз мың гектарлап алған жердің 30 пайызы іске жарамсыз болып қалған
Жүз мың гектарлап алған жердің 30 пайызы іске жарамсыз болып қалған

Жүз мың гектарлап алған жердің 30 пайызы іске жарамсыз болып қалған

Жекеменшіктегі миллиондаған гектар жер пайдалануға келмейді. Өйткені жүз мың гектарлап алғандардың немқұрайынан 30 пайызы іске жарамсыз болған. Яғни жерді дұрыс пайдаланбай эрозияға ұшыратқан.

Енді ауыл шаруашылық министрлігінің бас уайымы  — ауыл жанындағы мал жаятын жайылымды сақтап қалу. 

Эрозияға ұшыраудың алдында тұрған жер де өте көп. Енді мемлекет меншігіне қайтарылған жерді қалай жандандыруды министрлік пен әкімдер ойластырады. Өйткені қазірдің өзінде 15 облыста мал жаятын тоғыз миллион гектар жер жетіспейді. Бұл не мал санының артуына немесе жайылымдардың әл-ауқаттылардың қолында кетуіне байланысты. Өткен жылы президент тапсырмасымен 5 миллионнан астам жер қайтарылған. Бұл министр Ербол Қарашөкеевтің есебі. Бұған депутаттар сенбей, латифундистермен күресті билігі бар адамдардан бастау керек деп айтқан. Ал Қарашөкеев биыл тағы бес миллион жер қайтарылады деп сендіріп отыр.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Жайылымдардың жетіспеушілігі кезінде елдің жер ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану мәселелері бірінші орында тұруы тиіс. Осыған байланысты, өткен жылы мемлекетке 5,2 миллион гектар пайдаланылмаған және заңнаманы бұзу арқылы берілген ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды. Тиісті шаралар қабылданған соң жер пайдаланушылар 1,85 миллион гектар жерді игеруге кірісті. Аталған көрсеткіштер 2021 жылмен салыстырғанда 10 есе көп.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде