Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған алты адам сотталды
Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған алты адамға қатысты сот үкімі шықты. Ұйым жетекшісі 10 жылға, қалғаны 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Автор: Жаңалық Ахаш
17.01.2023
«Выгодный депозит» деп аталатын пирамида екі жыл бұрын құрылған. Олар «салған қаржыларыңды еселеп аласыңдар» деп алдап, 800-ге жуық адамды сан соқтырған. Еліміздің үш өңірінен филиалдарын ашыпты. Ең азы 150 мың теңге, ең көбі 40 миллион теңге ақша салған. Сотталушылар күмәнді ұйымның арқасында санаулы уақыттың ішінде 4 миллиард теңге жинап алған. Енді қаржы ұйымын құрған алтауы алданған салымшылардың қаражатын түгел қайтаруы тиіс. Бірақ жұртты зар жылатқандар тергеу кезінде де, сотта да өз кінәсін мойындаған жоқ. Сондықтан алданғандардың ешқайсысына әлі күнге көк тиын қайтарып бермеген.
Жанас Қуанышев, Ақтөбе қаласы №2 сотының судьясы:
- ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлігімен қатаң жазаға ауыстыру жолымен Аймағамбетовке түпкілікті 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Оған 7 жыл қаржы ұйымдарын басқару қызметінен шеттелсін. Қалған сотталушыларға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!