{metadescription}
«Тоғыз грамм»  — Алаш арыстарының рухына арналған драма
«Тоғыз грамм»  — Алаш арыстарының рухына арналған драма

«Тоғыз грамм» — Алаш арыстарының рухына арналған драма

Тоғыз грамм. Осындай ерекше атаумен Алматыда интеллектуал поэтикалы драманың премьерасы өтті. Қойылым тікелей  ел үшін жанын берген Алаш арыстарының рухына арналған.

Тәуелсіздігіміздің толғаулы тарихына дейін 9 грамм оққа байланған тұлғалар қаншама. Туындыда сол өмірінің соңына дейін күресіп өткен Әлихан Бөкейханов бастаған арыстарымыздың тірі кезінде бағаланбай, саяси жүйеден көрген қиянаты мен жан күйзелісі көрсетілді.

Бір сағатқа созылған қойылымды қалың жұрт тапжылмай отырып қарады. Зал лық толы болғасын, көрермендердің бір бөлігі тұрып, кейбірі тіпті жерге отырып тамашалады. Жұрттың бұлай зейін қойып көруі де бекер емес. "Қарасай жастары" театры бір жарым ай дайындықпен шыққан қойылымда әрбір тұлғаның бейнесі нақ сомдалған. Жиынтық образдардан құралған бұл драма кешегіге тағзым, келешекке тағылым дейді автор.

Бақыт Беделхан, ақын:

- 9 грамм қорғасын оқтың құрбаны болмаған адам жоқ шығар, Алаш арыстарының ішінен. Әлиханнан кешегі Алтынбекке дейінгі арыстар түгел қорғасын оқтың құрбаны. Неге осылардың бәрін тұтас жиынтық образға айналдырып, бүкіл Алаш арыстардың аузымен күллі қазақтың қайғықасіретін, мұң-мұқтажын жеткізбеске, арыз-арманын айтпасқа деген ой болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.