{metadescription}
Астана маңында қатардағы жауынгер қаза тапты
Астана маңында қатардағы жауынгер қаза тапты

Астана маңында қатардағы жауынгер қаза тапты

Бүгін Астана маңында тапсырма орындау барысында қатардағы жауынгер қаза тапты. Оқыс оқиға биіктен парашюпен секіргенде болған.

Әзірге қорғаныс министрлігі мән-жайды ашып айтпады. Тек тексеріс белгіленгенін, болған жайттың ақ-қарасын ажыратып жатқанын хабарлады. Ал қаза болған сарбаздың былтыр көктемде Қарағанда қаласынан әскер қатарына шақырылғаны ғана белгілі. Марқұм туралы қорғаныс министрлігі: «Командирлері мен қызметтестері арасында үлкен беделге ие болған еді. Бауырмашыл, қызметінде үнемі жақсы жағынан көрінетін. Борышын өтеуге келгелі әскери істі үйренуге ерекше ынта танытып жүретін. Өз ата-анасының айбынды ұлы, нағыз патриот және қызметтестері арасында үлгілі азамат болатын» деп қана жазды.

Талғат Қойбақов, ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы:

- Оқиғаның себептері анықталуда. Қазірге кезде тексеріс жүргізіліп жатыр. Қарулы күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына орны толмас қазасына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады. Қорғаныс министрлігінің тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажетті шара қабылданатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде