{metadescription}
Теміртау: Металлургия комбинатында газ құбыры опырылды
Теміртау: Металлургия комбинатында газ құбыры опырылды

Теміртау: Металлургия комбинатында газ құбыры опырылды

Теміртаудағы металлургия комбинатында газ құбыры опырылып түсті. Апаттан ешкім зардап шекпеген.

Оқыс жағдай таңғы сағат алтыдан кеткенде болды. Комбинат ішінде жағалай тартылған диаметрі екі метрден асатын алып құбыр құлаған. Оның опырылып түскен аумағы 20 метрден асады. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы әдеттегідей оқиғаның мән-жайын толық айтпады. Тек зардап шекен адам жоқ, қалпына келтіру жүріп жатыр деуден ары аспауда.

Естеріңізге салсақ, осыдан алты күн бұрын комбинаттағы жылу электр орталығында жанған газдың түтінін ауаға шығаратын құбыр опырылып түскен болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.