{metadescription}
«Әкім қызметте 5 жылдан артық отырмасын, партия мүшесі болмасын»
«Әкім қызметте 5 жылдан артық отырмасын, партия мүшесі болмасын»

«Әкім қызметте 5 жылдан артық отырмасын, партия мүшесі болмасын»

Облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдері қызметте бес жылдан артық отыруы керек. Бұл мәселе бүгін Мәжілісте көтерілді. 

Үкімет басшысының атына жолдаған сауалында депутат Ерлік Өмірғали мұны заңмен бекіту қажет деп отыр. Негізі көп әкімнің қызметі бес жылға жетпегенімен, одан асырып ұзақ отырғаны да аз емес. Мәселен, Сергей Кулагин Қостанай облысын 8 жыл, Ақмола облысын екі қайтара кеп, 9 жылдан артық басқарған. Жақында ғана қызметінен кеткен Қостанайдың тағы бір әкімі Архимед Мұхамбетов те 7 жыл отырды. Ал 9 жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған Даниал Ахметов әлі қызметінде. Мәжілісмен, сондай-ақ, аймақ басшыларын партия қатарынан шығаруды да сұрады.

Ерлік Өмірғали, Мәжіліс депутаты:

- Әкімдерге Президентке қандай талап қойылады, дәл сондай талап қойылу керек. Олар өзі аймағының Президенті. Сондықтан олар билеуші партияның филиалын басқарудың қажеті жоқ. Лауазымда тұрғанда партия мүшесі болмасын. Әрі оларды тек бір рет қана тағайындауға рұқсат берілсін. Қызметте отыратын мерзімі Президенттікінен аз болсын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.