{metadescription}
0:000:00
Кемінде әлі 6-7 жыл ескі-құсқы пойызбен қатынаймыз

Кемінде әлі 6-7 жыл ескі-құсқы пойызбен қатынаймыз

Кемінде әлі 6-7 жыл ескі-құсқы пойызбен қатынаймыз. Бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жиынында «Қазақстан теміржолы» компаниясының өкілі осылай деді.

Басқарма төрағысы орынбасарының айтуынша, елдегі вагондардың 44 пайызы тозған. «Оны жаңарту түптен келгенде қаржыға келіп тіреледі»-  дейді Марат Әлмағамбетов. Ал Үкіметтен тиісті қаражат бөлінгенше, тұрғындар «шықпа жаным, шықпаның» күйін кеше бермек.

Қанат Әлмағамбетов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

- 2030 жылға дейін жаңаратын шығар. Биыл 61 вагон аламыз. Келесі жылда 257 вагон аламыз. Алла жазса. Бізге көмек берсе. Біздің министрлік. Ескі болса, енді нестейміз?! Орысша жауап берейінші. Пассажирские перевозки убыточные. Если правительтво не выделяет деньги, мы не покупаем. Не один вагон пока мы не купили за свой счет.

Жолаушылар тасымалындағы ушығып тұрған проблема бұл ғана емес. Тұрғындар соңғы кездері діттеген жеріне уақтылы жете алмай, әуре-сарсаңға түсуде. Жолаушылар пойызы бұрынғыдай минуттап емес, 4-5 сағатқа дейін кешігуді шығарған. Өткен айда Астанадан Алматыға қатынайтын пойыз тіпті 15 сағатқа кешігіпті. Министрліктегілер мұндай мәселелердің барын жоққа шығармады. «Пойыз бір сағаттан астам уақыт кешіксе, әр сағат үшін билет құнының 3 пайызы қайтарылады. Егер пойыз 6 сағаттан астам уақыт кешіксе, мейрамхана вагондарында тегін тамақ беріледі дейді ведомство өкілі. Бірақ мұндай кеңшілікті жолаушылар көрген емес.

Алмаз Ыдырысов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

- Иә, кешігулердің болғаны рас. Алдымен бұл ауа райының қолайсыздығына байланысты осылай болды. Осы жылы 6 күн қатарынан қатты боран соқты. Бұл пойыздардың графигіне әсер етті. Одан кейін ескі вагондардың салдары. Оларды желіден алып тастау да біршама уақытты талап етеді. Тиісінше, жолаушылар тасымалы кестесінің өзгеруіне әкеліп соғады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.