{metadescription}
0:000:00
«31 мамырда соңғы қоңырау соғамыз ба, қуғын-сүргінді еске аламыз ба?»

«31 мамырда соңғы қоңырау соғамыз ба, қуғын-сүргінді еске аламыз ба?»

31 мамырда соңғы қоңырау соғамыз ба әлде қуғын-сүргін құрбандарын еске аламыз ба? Мәжілісмен Аманжол Әлтаев бүгін осылай оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына қарсы шықты. Негізі шешім былтыр қабылданып қойған. 

Ал депуттаттың неге мәселені енді көтеріп, күйініп отырғаны белгісіз. Жалпы 31 мамырды қандай да бір мереке етіп, телеарналарда әзіл-қалжың, концерт бағдарламалар қоюға мәжілісмен үзілді-кесілді қарсы. Ашаршылық пен қуғын-сүргінде опат болған миллиондаған адамның рухына тағзым жасалатын күн тек қана ескерткіш пен мемиоралдарға гүл қоюмен шектеліп жүргеніне қапалы. Осы еске алумен сәйкес келген соңғы қоңырауды оқу-ағарту министрлігі біліп тұрып, қалай белгілегеніне Әлтаев аң-таң.

Аманжол Әлтаев, Мәжіліс депутаты:

- Арыстарымыздың рухына бір күнді де толық қимай, апылғұпыл аза тұтқансып, іле-шала той тойлап, думандатып кете беретін болсақ, елдігіміз қайсы?  Сондықтан мектептердегі соңғы қоңырауды 30-мамырға, не болмаса 1-маусымға ауыстыру керек. Бұл еш талқылауды қажет етпейтін әділетті талап.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде