Астанада жаңа аудан пайда болады — Нұра
Жуырда Астанада «Нұра» деген атпен тағы бір аудан пайда болады. Жаңа аудан аппаратын құру үшін жергілікті бюджеттен шамамен 390 млн теңге жұмсалайын деп отыр. Ал жалпы жаңа ауданды бастан-аяқ жабдықтауға қанша сома жұмсалатынын әзірге ешкім жақ ашып айтпады.
Автор: Айғаным Достанбай
18.01.2023
Республикалық ономастика комиссиясы Астана қаласында жаңадан құрылған аудан мен көшелерге берілетін атауларды бекітті. Олардың арасында ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің де есімі бар. Естеріңізде болса, марқұм өз өмірін бәйгеге тігіп, қызыл жалында қалған үш адамды құтқарған еді.
Ал жалпы жаңа ауданның шекарасы 19 336 гектарды құрайды. Аумағы қаланың батыс бөлігіндегі Есіл өзенінің бойымен шығысқа қарай Қабанбай батыр даңғылына дейін, одан әрі Қабанбай батыр даңғылының тақ сандар жағымен Қарқаралы тас жолының бойымен оңтүстік шекараға дейін белгіленген.
Сәкен Есіркепов, Астана қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:
- Есіл ауданын екіге бөліп жатырмыз ғой. Бір жағы Есіл, бір жағы Нұра болсын деген сондай ұсынысқа тоқталдық. Нұра деген аттың өзі қысқанұсқа ғой. Айтылуға оңай. Мәслихаттың сессиясы болды. Сол сессияда бекітті. Депуттартармен бұған дейін де талқылағанбыз. Сондықтан бұл жерде мәселе болады деп ойлаймаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!