{metadescription}
Тосын құбылыс: Каспий қалың мұзға оранды
Тосын құбылыс: Каспий қалың мұзға оранды

Тосын құбылыс: Каспий қалың мұзға оранды

Каспий қалың мұзға оранды. Күннің суықтығынан Ақтаудағы теңіз жағалауы көк мұзға айналды. Табиғаттың тосын құбылысына тұрғындар дән риза. Олар теңіз үстінде коньки теуіп, шанамен сырғанап жүр.

Жұматай Ерғалиев, Ақтау тұрғыны:

- Өзім Ақтауда 40 жылдан бері тұрамын. Каспийіміз осылай қатып қалғаны бірінші рет. Осындай мұз болып жатқанына өте қуаныштымыз. Коньки теуіп жүрмін. Жақсы ауа райында. Ерекше. Теңіз негізі тұзды су ғой, қатпау керек. Мынау ерекше болып тұр, бірінші рет.

Теңіз бетіне мұз өте сирек қатады. Қарт Каспийдің мұндай құбылысына экологтар да таң-тамаша. Тұзды судың қатуын аязбен байланстырып отыр. Ал төтеншеліктер мұздың қалыңдығы 10-20 сантиметр аралығында дейді. Қазір теңіз бетінде сырғанаушылар көбейген. Сондықтан құтқарушылар кезекшілік ұйымдастырыпты. Өйткені осы уақытқа дейін мұзды тамашалаймын деп суға батқан 2-3 жағдай тіркеліпті.

Назар Ізтілеуов, Маңғыстау облысы ТЖД жедел құтқару жасағының бастығы:

- Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері осындай уақытта үгітнасихат жүргізіп, келіп жатқан адамдарға қаланың тұрғындарына, қонақтарына, су бетінде сақтық шараларын сақтау ережелерін түсіндіріп жатырмыз. Әрине, мұзға шыққанда балаларымен келеді. Сондай уақытта біз де түсіністікпен қараймыз. Қазір осы жерде 20-30 жақты қызметкер келіп жүреді. Кезек-кезек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.