{metadescription}
Хирург-онколог: «Шынымды айтсам, таң қалып отырмын...»
Хирург-онколог: «Шынымды айтсам, таң қалып отырмын...»

Хирург-онколог: «Шынымды айтсам, таң қалып отырмын...»

Ақтөбеге президент іс басқармасына қарайтын медицина орталығының дәрігерелері келді. Олар аймақтағы әріптестерімен тәжірибе алмасып, үш күн бойы ауыр оталарды жасайды.

Делегация құрамына орталықтың Астана мен Алматыдағы ауруханаларындағы жиырмаға жуық білікті маман енген. Олардың дені хирургтер. Алғашқы аялдама ретінде Ақтөбе өңірін таңдапты. Жоспарында жыл бойы осылай еліміздің бар өңірін аралап шығу бар. Президент іс басқармасының медициналық орталығы дәрігерелері келе сала операцияға да кірісіп кетті. Мамандардың кеңесін алуға қатерлі ісікке шалдыққандар, эпилепсия, жүйке жүйесі сыр бергендер көптеп келуде. Үш күн ішінде 15 науқасқа операция жасап, оны ақтөбелік ақ халаттылар бақылап отыратын болады. Осылайша аймақтағы мамандарға жаңа әдіспен емдеу тәсілдерін үйретпекші.

Естай Абзалбек, хирург-онколог:

- Шынымды айтсам, таң қалып отырмын. Жергілікті мамандардың біліктілігі мықты. Кеше олардың бұған дейін жасаған операцияларымен танысып шықтым. Барлығы жоғары деңгейде орындалған. Сондықтан қазір жасап жатқан операцияларымыз сәтті жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде