{metadescription}
Риддерде жылу электр орталығы өртенді
Риддерде жылу электр орталығы өртенді

Риддерде жылу электр орталығы өртенді

Риддер тұрғындары тағы да тоңа бастады. Бүгін қаладағы жылу электр орталығы отқа оранды. Қазір мамандар тілсіз жау шарпыған көмір беру цехын қайта қалпына келтіріп жатыр.

Қызыл жалын таңсәріде тұтанған. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Десе де пәтерлердегі жылу температурасы төмендеген. Қыс басталғалы ескірген жылу орталығында екінші рет апат болды. Өткен жылдың соңында ғана жылу қазандығынан ақау шығып, қалада төтенше жағдай жарияланған болатын. Қазір өрт салдарын жою үшін жедел штаб құрылды. Ал шенеуніктер, қаланы көмір емес, мазут арқылы жылыту керек деген шешім қабылдаған. Сондай-ақ жергілікті билік  2 миллиард 350 миллион  теңге қарызы бар жылу орталығын мемлекет меншігіне қайтарамыз дейді.

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

Біз үкіметке осындай ұсыныс айттық. Осы станцияны коммуналдық меншікке беру керек. Оны біз заң ретінде істеуіміз керек. Елімізде заңы болуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде