{metadescription}
Италияда қаза тапқан қазақстандық студенттің денесі елге жеткізіледі
Италияда қаза тапқан қазақстандық студенттің денесі елге жеткізіледі

Италияда қаза тапқан қазақстандық студенттің денесі елге жеткізіледі

Италияда қаза тапқан қазақстандық студенттің денесін елге жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. 27 жастағы Әсем Жарбосын жат жерде жол апатынан көз жұмған.

Қайғылы оқиға екі күн бұрын Салерно қаласында болған. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, отандасымызды көлік жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда қағып кеткен. Темір тұлпардың тізгінінде 20 жастағы италиялық азамат отырыпты. Жүргізуші бірден жедел жәрдем шақыртқан. Бірақ Астана қаласының тумасы дәрігерлер жеткенше жан тапсырды. Қазір жол апаты бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Әсем Салерно университетінің докторантурасында оқыған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.