{metadescription}
Алматыда бір адам үсіп өліп, 11-ін үсік шалған
Алматыда бір адам үсіп өліп, 11-ін үсік шалған

Алматыда бір адам үсіп өліп, 11-ін үсік шалған

Алматыда қытымыр аязда бір адам үсіп өлсе, 11 адамның аяқ-қолын үсік шалған. Әдетте мұндай жағдайға тап болатындардың басым бөлігі тұрғылықты жері жоқ жандар. Далада сіресіп қатып қалған ер адам да солардың қатарынан.

Медициналық көмекке жүгінгендер саны соңғы бір аптада күрт артыпты. Аязды күндер басталғалы 124 адам көктайғақта құлап, түрлі дене жарақатын алған. Тағы 34-інің миы шайқалыпты. Ал 11 адамның аяқ-қолын үсік шалған. Сондықтан бас киімсіз, қолғапсыз, жұқа аяқ киіммен жүрмеген абзал. Мамандар әсіресе тоңғақ келетін қарттар  мен балалардың ұзақ уақыт суықта жүрмеуін қадағалауды ескертеді.

Дәулет Асанов, Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы:

Қаңтардың 10-ынан бастап бүгінгі күнге дейін 11 адамды үсік шалды. Өкінішке қарай, біреуі көз жұмды. Иммунитеттің төмен болуы мен дымқыл киімнің кесірінен үсік шалады. Сондықтан жылы әрі емін-еркін қозғала алатындай киім кию керек. Сондай-ақ қолғап, шарф пен бас киімді ешқашан тастамау қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде