Басы дауға қалған Рамиль Мухоряповқа қатысты іс тоқтатылды
«Басқа пәле — тілден» деген мақалдың енді Рамиль Мухоряповқа қатысы жоқ. «Қазақша жауап қайтару — ұлтышылдық әрі мәдениетсіздік» деп басы дауға қалған кәсіпкерге қатысты іс тоқтатылды.
Автор: Асқарбек Қазанғап
19.01.2023
Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық және діни алауыздық қоздырғаны туралы деректі тексеру үшін соталды тергеу жүргізілген. Нәтижесінде құзырлы орган құқықбұзушылық болмады деген тоқтамға келді.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:
- Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР ҚК 174-бабы, 1-бөлігімен тіркелген қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізгенін хабарлайды. Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық қудалау органы ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы, 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы процессуалдық шешім қабылдады.
Бұл шешіммен Алматы қаласының прокуратурасы да келіскен. Былтыр қазан айында Choco холдингінің негізін қалаушы Рамиль Мухоряповтың қазақ тіліне қатысты айтқан мәлімдемесі жұрттың ашуын туғызған. Біздің елге келген ресейлік кәсіпкерлермен кездесуде ол: «қазақ тілінде жауап беру — ұлтшылдық әрі мәдениетсіздіктің белгісі» деген еді. Сын астында қалған кәсіпкер артынша кешірім де сұрағаны есте.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!