«Мир Меха»: Тағы да жеңілдік, сертификат және сыйлық
Қыстық киімді жаңалауға асығыңыз! Алматыда «Мир Меха» дүкені тағы жеңілдіктер науқанын ашпақ. Ертеңнен бастап сапалы әрі сәнді ішік-тондардың мың жарымнан астам түрін төмен бағамен сатып алуға болады. Жеңілдіктер науқаны осы айдың 22-сіне дейін жалғасады.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
19.01.2023
Қарасын да, көгін де киіп, өзіне жарасатынын іздеп жүрген Мейрамгүл Мұқанова жаңа тон сатып алуды көптен бері ойлап жүрген. Алайда бағасы мен сапасы сай келетін сырт киім сирек болғасын, осы уақытқа дейін талай дүкенді араласа да, көңілден шыққанын таппапты. Бірақ «Мир Меха» дүкеніндегі бағалы әрі қолжетімді ішік-тондарды көріп қатты қызықты.
Мейрамгүл Мұқанова, Алматы тұрғыны:
- Тон алуға келгенбіз. Керемет! Бағасы да тиімді. Айырмашылығы, бұл жерге Еуропадан, Ресейден келеді. Бұл жерде бәрі таза өнім. Базардан алсаңыз, алдайды. Бұл жерде сапалы, қорықпай келіп ала берсеңіз болады. Бәрінің сапасы жақсы. Керемет енді.
Расында да шикізаты Дания, Аустралия, Финляндиядан жеткізілсе, ішік-тондар Ресейде тігіледі. Мұнда қыстық киімдердің мың жарымнан астам түрі бар. Ертеңнен бастап әрқайсысын төмен бағамен сатып алуға болады. Сондай-ақ сатып алған әр клиентке сертификатпен қоса, сыйлық та беріледі.
Ғалия Зағидуллина, сатушы:
- Қаңтардың 20-сы мен 22-сі аралығында тондар мен ішіктерге 30 пайыздан бастап жеңілдіктер болады. Сондай-ақ бізбен серіктес үш банк арқылы несиеге немесе бөліп төлеп сатып ала аласыз. Келіңіздер. Күтеміз!
Қаракүзен, бұлғын, қаракөл, мутон, сілеусін, елтірі, мен түлкі терісінен тігілген сан түрлі тондарды арзанға сатып алғыңыз келсе, жеңілдікті өткізіп алмаңыз. «Мир Меха» дүкені «Балуан Шолақ» спорт сарайында орналасқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!